Ақтау қаласында 1 мамырда өткен шеруге 10 мыңнан астам адам қатысты (ФОТО)

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтау қаласында түрлі салалардағы барлық кәсіпорындар, шамамен 10 банктің ұжымы, 10 мыңнан астам адам 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған дәстүрлі шеруге шықты. Оған барлығы 30-дан астам колонна қатысты.

Ақтау қаласында 1 мамырда өткен шеруге 10 мыңнан астам адам қатысты (ФОТО)

«Бүгінгі таңда әлемде «қазақстандық сәйкестік» феномені - этносаралық және конфессияаралық келісім моделі кеңінен танымал. Бұл ұғым 17 діни конфессияға жататын 140 этнос өкілдерін бір шаңырақ астына біріктірген Қазақстанда пайда болды. Сіздерді мерекемен құттықтап, денсаулық, бақыт, жаңа жетістіктер, Отанымыз - Қазақстанның өркендеуін тілеймін!» - деп құттықтады Маңғыстау облысының әкімі міндетін атқарушы Алик Айдарбаев.

Шеруге «Каспий маңы машина жасау кешені» ЖШС колоннасы қатысты. Бұл ұжымда 17 түрлі ұлттың 320 өкілі еңбектенеді.

«320 адамның 144-інде жоғары білімі бар. Бізде еңбек әулеттері, 5 еңбек ардагері, 20 өндіріс озаты бар», - деді «Каспий маңы машина жасау кешені» ЖШС бас директоры Виктор Чекашов.

Өңірдегі өзге кәсіпорындардың ұжымдары да аталған шараға белсенді қатысты.