Ақтау қаласында дзюдодан республикалық турнир өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Ақтауда халық батыры Шотан Назарұлы атындағы дзюдодан жасөсіпірмдер арасында ІІІ республикалық ашық турнир өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтау қаласында дзюдодан республикалық турнир өтеді

Бүгін жалауы желбірейтін республикалық жарысқа 2000-2001 жылы туған жасөспірім дзюдошылар қатысады.

Жарыс екі күнге созылады. Жас татами шеберлері үздіктерді «Маңғыстау Арена» спорт кешенінде анықтайды. Жарыс әр күні 10:00-де басталады.