Ақтау қаласында өртке оранған шетелдік көлікте газ-баллондық аппаратура жарылды, жүргізуші зардап шекті - ҚР ТЖМ

АСТАНА. 6 ақпан. ҚазАқпарат - Ақтау қаласында өртке оранған шетелдік көліктің ішінде газ-баллондық аппаратура жарылды, салдарынан машина жүргізушісі зардап шекті, деп хабарлайды ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.

Ақтау қаласында өртке оранған шетелдік көлікте газ-баллондық аппаратура жарылды, жүргізуші зардап шекті - ҚР ТЖМ

Бүгін түнде Ақтаудың Шығыс-2 шағынауданында «Фольксваген» көлігі өртене бастап, ішіндегі газ-баллондық аппаратураның жарылысы болды.

Өрт салдарынан көлік құралының 51 жастағы жүргізушісі күйік жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

ТЖ-ды жоюға ҚР ТЖМ Маңғыстау облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 5 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.