Ақтау қаласында пәтер тонаумен айналысқан дағыстандық екі азамат қолға түсті

АҚТАУ. 20 наурыз. ҚазАқпарат -  Бұл туралы Ақтау қаласы Ішкі Істер Басқармасының қылмыстық полициясы хабарлап отыр. Дағыстандықтар пәтер ұрлығы бойынша жедел іздестіру шарасы нәтижесінде қолға түскен.

Ақтау қаласында пәтер тонаумен айналысқан дағыстандық екі азамат қолға түсті

Олардан 100 мыңнан 1 млн теңгеге дейін ақша және заттар тәркіленді. 

Қылмыскерлер пәтерлерге үйдің терезесі арқылы түскен. Пластик терезелерді қатты күшпен майыстырып ішке енетін олар үйден алтын бұйымдарды, ноутбуктар мен ақшаларды жымқыратын болған. Тонайтын пәтерлерін алдын ала қарап, аңдып, тұрмысы жақсы, бірақ бейқам, күзетшісі жоқтарын қармақтарына түсірген.  

Олардың бүгінде 18 ұрлық іске қатысы бары дәлелденді. 

Қылмыстық полицияның хабарлауынша, тексерулер кезінде ұрылардың басқа да қылмыстары әшкереленген. Мәселен, қылмыскерлер ұрлап алған алтындарын  қаладағы «Сары базар» , «Мағаш», «Олжа» сауда орталықтарына барып арзан бағаға өткізіп отырған.  Олар қандай дүкендер мен сатушыларға тауарларын сатқандарын айтып, көрсетіп берген. 

Сондай-ақ, гастролер ұрылар Ақтау қаласында тіркеусіз пәтер жалдап тұрған.