Ақтау қаласындағы «Рид СК» ЖШС-нің базарында өрт шықты - ТЖМ

АСТАНА. Желтоқсанның 10-ы. ҚазАқпарат - Кеше кешкісін Ақтау қаласындағы «Рид СК» ЖШС-нің базарында халық тұтынатын тауарлары бар  6 бутик өрт құшағына оранды,

Ақтау қаласындағы «Рид СК» ЖШС-нің базарында өрт шықты - ТЖМ

деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Министрліктің хабарлауынша, өрт 90 шаршы метр аумақты қамтып, оқиға орнынан 40 адам қауіпсіз орынға көшірілген. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Тілсіз жау Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру күшінің көмегімен ауыздықталған. Оған аталған мекеменің жеке құрамындағы 22 маман мен 4 техника жұмылдырылған.