Ақтау командасы алғаш рет «Жібек жолы - 2017» раллиіне қатысады

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Мәскеуде Қызыл алаңда «Жібек жолы-2017» халықаралық раллиі салтанатты түрде ашылды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА.
None
None

Қазақстаннан бұл трансқұрлықтық жарысқа екі команда қатысады. Бірі - тәжірибелі маман Артур  Ардавичустің басшылығымен интернационалдық «Astana Motorsport Team de Rooy», екіншісі «Жібек жолы» дебютанттары ретінде - құрамында  Кирилл  Черненков  пен   штурман  Алексе» Мун бар Aktau Motorsport.

Қазақстандықтар Мәкеу - Астана - Стань маршруты бойынша жолсыз он мыңдай шақырымды еңсеру қажет.

Ресей астанасының бас алаңына ралли-рейд әлеміндегі   қауіпті, ауыр сынаққа әзір батыл да ержүрек жарысқа қатысушыларды қолдау үшін жүздеген адамдар жиналды.

null

-  Біздің басты мақсатымыз -  тұрақты қарқын алып, тәжірибе жинау. Себебі «Жібек жолы» бойынша алғаш рет шығып отырмыз. Маршруттың едәуір бөлігі туған Қазақстан жерінде өтетіндігі қуантады. Жерлестеріміздің қолдауын сезінетінімізге сенімдіміз.  Әрине, бастысы Сианьға дейін жетіп, үйге оралу, - деді Aktau Motorsport командасының жүргізушісі Кирилл Черненков.



Соңғы жаңалықтар