Ақтау маңындағы ұшақ апаты: Әзербайжанда ескерткіш қойылды

АСТАНА. KAZINFORM — Әзербайжанда AZAL ұшағының құрбандарына арналған ескерткіш орнатылды, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.

В Азербайджане увековечили память жертв авиакатастрофы самолета AZAL
Фото: Kazinform

«Хыналыг және Көшпенділер жолы» мемлекеттік тарихи-мәдени және этнографиялық қорығының аумағында ұшақ апаты құрбандарына арналған мемориалдық тақта орнатылды. Тақтада экипаж мүшелерінің есімдері — Игорь Кшнякин, Александр Кальянинов және Окюма Алиева, сондай-ақ қаза болғандарды еске алу жазбасы бар. Әзербайжандық альпинистер тақтаны орнатуға атсалысқан.

Еске сала кетейік, былтыр 25 желтоқсанда Ақтау маңында Azerbaijan Airlines ұшағы апатқа ұшырады. Бортта 67 адам, оның ішінде бес экипаж мүшесі болған. Апат салдарынан 38 жолаушы қаза тауып, 29 адам аман қалды.

Кейін Бразилия Әскери-әуе күштерінің Әуе апаттарын зерттеу орталығының (Cenipa) мамандары AZAL әуе компаниясының апатқа ұшыраған Embraer 190 ұшағының қара жәшігін талдауға кіріскенін хабарлаған болатын.

Биыл 4 ақпанда Ақтау маңындағы ұшақ апаты бойынша тергеудің есебі жарияланды.

Бұған дейін елордаға ресми сапармен Әзербайжан Республикасының Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов келіп, қазақ халқына алғыс айтқан еді.

Соңғы жаңалықтар