Ақтау-Мәскеу ұшағы Волгоград әуежайына шұғыл қонды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, 11 қарашада, Волгоградта Қазақстаннан ұшқан ұшақ шұғыл түрде қонды, деп хабарлады runews24.ru.

 Ақтау-Мәскеу ұшағы Волгоград әуежайына шұғыл қонды

Волгоград әуежайы баспасөз қызметінің ақпаратынша, сәрсенбіде шамамен сағат 06.00 «Аэрофлот» компаниясының Airbus A320 ұшағы Гумракта шұғыл түрде қонды. Әуе кемесі Ақтау-Мәскеу бағытында ұшқан, бортында 50-ден астам адам болды.

Шұғыл қону себебі - жолаушылардың бірінің жағдайы нашарлауы. Оған жедел медициналық көмек көрсету керек болған.

Лайнер экипажы шұғыл түрде қонуға рұқсат сұрап, сағат 06.05 қонды. 60 жастағы жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді. Диагнозы - «инфаркталды жағдай». Бір сағаттан кейін ұшақ көкке көтеріліп, өз бағытын жалғастырды.