Ақтау порты арқылы жүк контейнерлерін ауыстырып тиеу екі есеге артты

порт ақтау
Фото: Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ

АҚТАУ. KAZINFORM – Биылғы қаңтар айында Транскаспий халықаралық көлік бағытындағы Ақтау порты арқылы контейнерлерді ауыстырып тиеу 2 есе өскені белгілі болды.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 2024 жылғы қаңтарда Ақтау теңіз порты арқылы жүктерді ауыстырып тиеудің жалпы көлемі 360 мың тоннадан асқан.

«Бұл 2023 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 12,7 пайызға көп болды. Порт 3 мың тонна астық, 310 мың тонна мұнай мен мұнай өнімдерін ауыстырып тиеуді қамтамасыз ете алды. Теңіз айлағы 2,3 мыңнан астам контейнерді жиырма футтық эквивалентте өңдеді. Бұл көрсеткіш өткен қаңтарға қарағанда 30% көп», - деп жазылған компания таратқан ақпаратта.

Оның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша 2 мыңнан астам жиырма футтық эквивалентте бары белгілі болды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың деңгейіне қарағанда 2 есеге көбейген.

Соңғы жаңалықтар