Ақтау портында контейнер тасымалы рекордтық деңгейге жетті

АСТАНА. KAZINFORM — Ақтау порты арқылы контейнерлік тасымал көлемі рекордтық деңгейге жетті. 2026 жылғы қыркүйекте портта 10 186 TEU өңделіп, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 80%-ға көп болды. Бұл туралы «ҚТЖ» ҰК-ның баспасөз қызметі мәлім етті. 

Ақтау портында контейнер тасымалы рекордтық деңгейге жетті
Фото: Маңғыстау облысының әкімдігі

Компанияның мәліметінше, биылғы жылдың қыркүйектегі қорытындысы бойынша Ақтау порты арқылы 10 186 TEU ауыстырып тиелді, бұл 2025 жылдың ұқсас кезеңі көрсеткішінен 80% артық.

— Қол жеткізілген нәтиже порт үшін жаңа рекордтық көрсеткіш болды және Каспий теңізі арқылы контейнерлік тасымалдарға сұраныстың тұрақты өсімін көрсетеді, — делінген хабарламада.

Оң динамикаға ТХКБ бойынша жүк ағыны көлемінің ұлғаюы, маршрутта контейнерлік инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ жүктерді теміржол және порттық өңдеу мүмкіндіктерін кеңейту ықпал етіп отыр.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан Еуразияның транзиттік хабына айналып келе жатқанын жаздық.