Ақтау порты арқылы астық экспорттау 133 мың тоннаға азайды

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылғы қаңтар-қыркүйек аралығында «Ақ Бидай-Терминал» АҚ (Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ-ның еншілес компаниясы)  Ақтау портының терминалы арқылы астықты ауыстырып тиеу 133 мың тоннаға кеміді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі «Азық-түлік келісім шарт корпорациясына» сілтеме жасап.
None
None

Ақтау портында «Ақ Бидай-Терминал» АҚ  арқылы астықты ауыстырып тиеу 2017 жылдың 9 айы ішінде 269 185 тоннаны құрады»,- делінген хабарламада.

Өкен жылдың сәйкес мерзімінде Ақтау портынан 402,1 мың тонна астық экпортқа шығарылған.

Корпорацияның мәліметтеріне қарағанда, Ақтау халықаралық теңіз порты қуатылығын арттырған. Мұнда тәулігіне 130 вагонға тиеледі. Қазақстандық астықты негізінен Иран мен Азербайжан сатып алады. 

Соңғы жаңалықтар