Ақтау теңіз айлағында құны 63 миллион теңгеден астам қаржыны құрайтын контрабандалық тауар қолға түсті

АСТАНА. Шілденің 9-ы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Еліміздің кеден саласының қызметкерлері Ақтау теңіз айлағынан құны 63 миллион 589 мың 355 теңге болатын контрабандалық тауарды ұстады.
None
None


Бұл туралы бүгін журналистермен баспасөз мәслихатында Кедендік бақылау комитетінің контрабандамен күрес басқармасы бастығының орынбасары Мейірманқұлов Мейірхан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Оның  айтуынша, маусымның 5-і мен 8-і аралығында «Нұртау КЗ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Ресей Федерациясынан елімізге шикі мұнай алып келген. Тиісті құжаттарға сәйкес, бұл мұнай елімізде өңделіп, Иран мемлекетіне жөнелтілуі тиіс болатын. Алайда серіктестік өкілдері шикі мұнай құйылған теміржол цистерналарының пломбыларын ауыстырып, оны шикі мұнайды өңдеу барысында пайда болатын және құны әлдеқайда арзан жеңіл мазут пен ойлбленд отынын алып бара жатырмыз деген желеумен кеденнен алып өтпек болған. Яғни елімізге жеткізелген шикі мұнай Қазақстан аймағында өңделмеген. «Кедендік рәсімдеу ережесіне сәйкес, 20 цистерна шикі мұнайды алып өту үшін 14 миллион теңгеден астам салық төленуі тиіс. Ал осынша көлемдегі жеңіл мазут пен ойлбленд отынына салынатын салық әлдеқайда аз. Осыған байланысты Кедендік бақылау комитетінің контрабандамен күрес басқармасының қызметкерлері аталған оқиға бойынша экономикалық контрабанда жасады деген айыппен қылмыстық іс қозғады. Қазір мәселенің мән-жайы анықталуда», деді басқарма бастығының орынбасары.

Соңғы жаңалықтар