Ақтау теңіз портына инспекциялық-тексеру кешені орнатылады

АСТАНА. ҚазАқпарат – «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясы «Ақтау теңіз портына» инспекциялық-тексеру кешенін орнату мәселесін пысықтап жатыр. Премьер-Министр Әлихан Смайылов Сенат депутатының сауалына жолдаған жауабында осныдай мәлімет айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясы» АҚ «Ақтау теңіз порты» өткізу пунктін стационарлық инспекциялық-тексеру кешенімен жабдықтау мәселесін пысықтауда», - деп жазады Әлихан Смайылов.

Оның айтуынша, Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы шекарасының қазақстанға тиесілі бөлігінде тұрған өткізу пункттерін озық халықаралық стандарттар мен талаптарға сәйкес жабдықтау бірнеше мәселені шешуге мүмкіндік ашпақ. Олар:

- көлік өткізу пункттеріндегі кедендік операциялардың уақытын 30 минутқа дейін қысқартып, өткізу қабілетін 5 еседен астам ұлғайту (тәулігіне 150-ден 800-ге дейін);

- деректерді бақылау, байланыстыру, беру және алмасудың заманауи технологияларын енгізу;

- өткізу пункттерін жеке тұлғаларды, багажды, тауарлар мен көлік құралдарын бақылауды жүзеге асыратын жаңа жабдықтармен жарақтандыру;

- бірыңғай өтпелі автоматтандырылған техникалық бақылау дәліздерін пайдалану арқылы кеден процестерінің ашықтығын және автоматтандырылуын қамтамасыз ету.


Соңғы жаңалықтар