Ақтау тұрғындары Республика күніне орай балконына ту ілді

Ақтау тұрғындары Республика күніне орай балконына ту ілді
Фото: видеодан кадр/Өңірлік коммуникация орталығы

Ақтаулықтар Республика күніне орай балконына мемлекеттік Туды іліп, акцияға үлес қосты, деп хабарлайды Kazinform. 

Акцияға 26, 14, 28, 17, 11, 28а және 21 шағын аудан тұрғындары белсенді қатысты. Акцияға үлес қосқандардың бірі – 21 шағын аудан тұрғыны Толқын Жарасова. Ол осы іс-шараға үлес қосу арқылы ұлттық мерекені атап өтті.

«Республика күні – ұлттық мереке. Бұл күнді әрбір қазақстандық ерекше атап өтуі керек деп есептеймін. Акцияға қатысу үшін таңертең тұрып, үйімнің балконына мемлекеттік Туды ілдім. Акцияға қатысу арқылы ұлттық мерекенің аталып өтуіне өз үлесімді қосқаныма қуаныштымын. Ақтаулықтарды Республика күнімен құттықтаймын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!» - деді Толқын Жарасова.

Іс-шараны Ақтау қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі ұйымдастырған.

«25 қазан – Республика күнінде ақтаулықтар да тұрғын үйдің балконына ту іліп, акцияға үлес қосты. Белсенді тұрғындар осылайша басқаларға мерекелік көңіл күй сыйлауды мақсат тұтқан. Жас ұрпақтың бойында рәміздерімізге деген құрметті күшейтуге бағытталған іс-шараға қатысқандарға алғыс білдіреміз», - деді Ақтау қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Гүлмира Балғожаева.

Соңғы жаңалықтар