Ақтау тұрғындары санының артуына байланысты жаңадан 6 сайлау учаскесі ашылған

АҚТАУ.ҚазАқпарат - Ақтау қаласы тұрғындары санының артуына байланысты жаңадан 6 сайлау учаскесі ашылды. 20 қараша күні қала бойынша 83 сайлау учаскесі жұмыс істейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Сайлау күні қала бойынша 585 комиссия мүшесі жұмыс істейді.

«Биыл 83 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Бұрын 77 учаске болатын. Оның себебі – Ақтау қаласында жаңа шағынаудандардың ашылып, тұрғындардың санының артуы. Қала бойынша қазіргі таңда 148944 сайлаушы бекітілді», - деді Ақтау қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Ерғали Іскендіров.

Сайлау учаскелері қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Бюлеттеньдер алынған.


Соңғы жаңалықтар