Ақтау тұрғыны полицейлерге өзі келіп сақтаған марихуанасын тапсырған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтауда бір қорап марихуана сақтаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды tumba.kz Ақтау қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақтау тұрғыны полицейлерге өзі келіп сақтаған марихуанасын тапсырған

Соттың мәліметтеріне қарағанда, оқиға қаладағы 2-ықшам ауданда, 64-үйдің маңында болған. 22 жастағы ер адам полиция қызметкерлеріне есірткі зат салынған күкірт қорабын ерікті түрде тапсырған. Сараптама кезінде оның ішінде 4 грамм марихуана бар екені анықталған. Оқиға видеобақылау камерасына түсірілген.

Соттың үкімімен азамат М. ҚР ҚК 296-бабының 2-бөлігіне (есірткі заттарды өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтау) сәйкес айыпты деп танылып, оған 25 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.