Ақтау тұрғыны үздік оқитын баласының колледжге түспей қалғанына шағымданды

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облыстық білім басқармасы колледжге оқуға түсетін талапкерлер қалай анықталатынын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Қоғамдық коммуникация орталығының мәліметінше, облыс әкімдігінің телеграм каналына Ақтау қаласының тұрғыны баласының колледжге қабылданбай қалғанына шағымданған.

Желі қолданушысы облыс әкімдігінің телеграм каналына хабарласып, баласының бағалары жақсы болғанына қарамастан колледжге оқуға қабылданбағанын айтып, колледжге оқуға түсу қандай тәртіпте жүргізілетіні туралы сауал жолдаған.

Жауаптылар ата-ана сауалына шұғыл жауап беріп, оқуға түсудің тәртібін түсіндірді.

Облыстық білім басқармасы мамандарының айтуынша, облыс бойынша колледждерге мемлекеттік тапсырыс жергілікті және республикалық бюджет есебінен қарастырылған.

Мемлекеттік тапсырыс есебінен бөлінген колледждердің мамандықтар тізімі Маңғыстау облысы білім басқармасының ресми сайтында орналасқан.

- Оқуға түсуді колледж анықтамайды. Конкурс талапкердің білім туралы құжатына /аттестатына/ сәйкес міндетті және бейінді пәндердің орташа конкурстық балын автоматты түрде бөлу арқылы ақпараттық жүйе анықтайды. Сұрақтарыңыз бойынша білім басқармасының 57-12-39 байланыс телефонына хабарласыңыз,- дейді Маңғыстау облыстық білім басқармасының жауапты мамандары.

Қоғамдық коммуникация орталығы мамандарының айтуынша, жаңа оқу жылы жақындап қалғандықтан облыс әкімдігі Тelegram каналына орта, жоғары білімге қатысты арыз-шағымдар көптеп түсіп жатыр.

Облыстық, қала және ауданның білім саласы мамандары тиісті жауапты уақытылы беріп отыр.

Соның бірі - Ақтау қаласының тұрғыны баласының бағалары жақсы болғанына қарамастан колледжге оқуға қабылданбағанын айтып, түсу тәртібін сұраған. Мамандар оны түсіндірді.

«Бүгінгі таңда телеграм каналға 11 156 адам тіркелген. Барлығы 11 400 сұрақ келіп түсті. Оның ішінде 11 385 сұраққа жауап берілді»,-деді қоғамдық коммуникация орталығы БАҚ-пен жұмыс бөлімінің маманы Құралай Ізбасарова.


Соңғы жаңалықтар