Ақтау түрмесінің қарулы қашқындары жөніндегі телесериал түсірілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Наурыз айында «Хабар» телеарнасынан 2010 жылы Ақтау түрмесінен қылмыскерлердің қашуына қатысты түсірілген телесериал көрсетіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл телеарна комедиялық фильмдерден мелодрамаға дейін, биографиядан ауқымды тарихи фильмдерге дейін заманауи телевизиялық өнімнің барлық жанрын қамтитын бірқатар жобалар шығарады. Көктемде батыр бабаларымыздың ерлігін насихаттайтын «Бабалар жолы», өмірден алынған шынайы оқиға негіз болған «Алтыншы бекет» сериалдары көрсетіледі. Осыдан бірнеше жыл бұрын Қазақстанның батысында қылмыскерлер абақтыдан қашуға әрекеттенген еді, оларды сарбаздар ерлікпен тоқтатқан болатын», - деп хабарлады арна директоры Ерлан Игісінов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

2010 жылдың 22 маусымында Ақтау түрмесіндегі 21 тұтқын қашуға әрекеттенді. 

Сол күні №6 бекеттің күзетшісі қатардағы жауынгер Ербол Отарбаев қашпақ болған қылмыскерлердің жолын кесті. Дуалдың сыртында тұрған қашқындардың сыбайластары сақшының көзін жоймақ болып, оқ жаудырған, жауынгер Отарбаев тағы бірнеше оқ атып, үш қашқынды мерт қылды.

Сыртта тұрған сыбайластардың көлігіне қашқындардың бірнешеуінің аяғы ілінеді де, өзгелері жақын маңдағы салынып жатқан құрылыс нысанына жетіп жасырынады. Ал жедел ізге түскен топ колониядан 200 метрдей жерге қашып үлгерген тағы бір тұтқынды жаралайды. Бір апта өткен соң, қашқындар мен оның сыбайластары Маңғыстау ауданындағы Қызылсай аңғарында қоршауға алынды. Олардың алтауы ұсталып, қалғандары автокөлікпен бірге жарылып кетті.

Аталған оқиғадан соң ҚР Әділет министрлігі ҚАЖ комитетінің басшысы Мейрам Аюбаев пен оның екі орынбасары отставкаға кетті. Ал, түрме басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар