Ақтау: Жол ережесін бұзған кортеж жүргізушісіне айыппұл салынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтауда жол қозғалысы ережесін өрескел бұзғаны үшін полиция қызметкерлері кортеж жүргізушісіне айыппұл салды, деп жазды www.lada.kz.

Ақтау: Жол ережесін бұзған кортеж жүргізушісіне айыппұл салынды

«Әлеуметтік желіде жарияланған «Перзентханадан келе жатқан кортеж» атты бейнероликтегі көрініс бойынша полиция тиісті шара қолданды»,-деп жазады портал.

Кадрда кортеж жүргізушілерінің көліктерімен жолда бей-берекетсіз кетіп бара жатқаны көрінеді. Ал жолаушылардың бірі көліктің терезесінен шығып алған.  

«Жолаушысы қауіпсіздік белбеуін тақпай отырған көлік жүргізушісіне полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 593 бабы 1 бөлігі бойынша хаттама толтырды»,-деді Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұл жолаушылар мен жүк тасымалдау ережелерін бұзу әрекеттеріне қатысты бап. Бұл бап 5 айлық есептік көрсеткіш немесе 12 мың 25 теңге көлемінде айыппұл салуды қарастырады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Кортеж из роддома

Публикация от На дорогах Актау (@na_dorogah_aktau) 25 Окт 2018 в 7:49 PDT