Ақтауда 1 мамырдан электр энергиясының тарифтері қымбаттайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтауда 1 мамырдан бастап, электр энергиясының тарифтері қымбаттайды, деп хабарлайды  «Лада» «МАЭК-Казатомпром» ЖШС бас директорының орынбасары Қыдырбай Қасымбековке сілтеме жасап.
None
None

- Бүгінде электр энергиясы тарифтерін көтерген жағдайда да, өзіндік құнынан төмен болғалы тұр. Біздің жалғыз жеткізушіміз «ҚазТрансГазАймақ» тарапынан тауарлық газ бағасының бірнеше рет өсуінен және күрделі жөндеу жұмыстарына қаражаттың қажеттігінен тарифті көтеруге мәжбүр болдық. Оның үстіне, биылғы жыл басында аталған газ жеткізуші алдындағы «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС қарызы 2,7 миллиард теңгені құрады. Өнімнің өзіндік құнының 60 пайыз үлесін алып отырған табиғи газ «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС  өндірісі үшін негізгі отын болып табылады», - деді Қыдырбай Қасымбеков қоғамдық тыңдаулар барысында.

Тариф 2,07 теңгеге қымбаттайды. Бұрын электр энергиясының құны 9,53 теңге болса, 1 мамырдан бастап, 11,60 теңге болады.

Қ.Қасымбековтың мәлімдеуінше, «МАЭК-Қазатомөнерекәсіп» ЖШС үшін электр энергиясы өндірісінің өзіндік құны бір кв/сағатқа 12,06 теңгені құрайды. 

Соңғы жаңалықтар