Ақтауда 200-ден астам тұрғын арзан телефон аламын деп алаяққа алданған

АҚТАУ. KAZINFORM – Ақтаулықтар әлеуметтік желіде аудиториясы көп белсенділердің жарнамасына сенген. Олар арзан бағада телефон алу үшін алаяққа қаражаттарын аударған. Шығын көлемі 140 миллион теңгені құрады. 

алаяққа алданып қалған
Фото: pixabay.com.

Маңғыстау облыстық прокуратурасының мәліметінше, күдіктінің үстінен бірнеше тұрғын шағымданған. Сол себепті ол үйқамаққа алынды. 

– Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр. Сот үкімімен күдіктіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Әлі де тергеу жалғасады. Жәбірленушілер келіп жатыр, - дейді облыстық прокурорының басқарма басшысы Данияр Төлегенов. 

Мамандардың айтуынша Маңғыстау облысында кейінгі 5 айда алаяқтық бойынша қылмыс саны 10 пайызға көбейген. Ал, аталған оқиға бойынша күдіктінің қылмысы дәлелденсе,10 жылға дейін бас бостандығынынан айрылуы мүмкін.