Ақтауда 25 жастағы жігіт үш күннен бері іздестіріліп жатыр

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда 1995 жылы туған жігітке іздеу салынды. Ол үйден 3 күн бұрын достарымен шығып кеткеннен бері оралмаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтауда 25 жастағы жігіт үш күннен бері іздестіріліп жатыр


25 жастағы Нұрлан Тастеміров 26 шілде күні сағат кешкі сағат 18.30-дан бері хабарсыз кеткен.

Нұрлан Тастеміровтің туыстарының айтуынша, ол достарымен бірге теңіз жағасына қыдыруға кеткен. Кешкі сағат 6-дан кейін бәрі үйлеріне қайтады. Достары Нұрланды 29-шағынаудан №15 үйге апарып тастағанын жеткізген. Әрі қарай байланысқа шықпаған соң дереу полицияға жоғалғаны туралы хабарлаған.

Оның үстінде көк жейде, қою көк джинсы шалбар болған. Көрген білгендеріңіз болса, 8 (708) 296 36 78 нөмірлеріне хабарласуын сұрайды.