Ақтауда 3 көлік соқтығысып, бір жүргізуші ажал құшты

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда 33 және 34-шағын аудан тас жолында «Тойота Камри», «Geely» және «Hyundai Accent» автокөліктері соқтығысты, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

Ақтауда 3 көлік соқтығысып, бір жүргізуші ажал құшты

МО Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Geely» автокөлігінің жүргізушісі алған дене жарақатының салдарынан оқиға орнында қайтыс болды.

«Аталған дерек ҚР ҚК 345-бабының 3-тармағына сәйкес Маңғыстау облысы Полиция департаментінің сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қажетті сараптамалар тағайындалды», - делінген хабарламада.