Ақтауда 5 жасар қызды зорлаған ер адам сотталды

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда 5 жасар қызды зорлаған ер адам 20 жылға сотталды. Бұл туралы Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтауда 5 жасар қызды зорлаған ер адам сотталды

2022 жылдың 28 желтоқсанында қыз баланы жыныстық сипаттағы өзге де зорлық-зомбылық әрекеттері үшін айыпталушыға қатысты бірнеше рет (ҚК 121-бабының 4-бөлігі) қылмыстық іс қаралған.

​«Прокурор Қылмыстық Кодекстің 121-бабының 4-бөлігі бойынша сотталушыны кінәлі деп тануды және 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Ал жәбірленушінің заңды өкілі сотталушыға өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады», - делінген баспасөз мәліметінде.

Сот үкімімен 2017 жылы туған қыз баланы зорлаған ер адам Қылмыстық Кодекстің 121-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды және 20 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

​Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.


Су ресурстары министрлігі аяқталмаған 10 жобаны қайта қолға алады
Ұқсас жаңалықтар

Жетісу облысының екі ауданында 300 шақырымнан астам суару желілері қалпына келтіріліп жатыр