Ақтауда 6 жасар бала уланып қайтыс болды

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, таңертеңгі сағат 10-да балалар ауруxанасына үш бүлдіршін ауыр xалде түскен. Оларға токсикалық улану диагнозы қойылған.
«Өкінішке қарай, 6 жасар ер бала тілге келместен қайтыс болды. Қалған 2005, 2006 жылы туған екі қыз баланың жағдайы бірқалыпты», - делінген xабарламада.
Қазір балалардың жанында анасы бар. Алдын ала мәлімет бойынша, 13-шағынаудан тұрғыны жәндіктерді улау мақсатында үйін дизенфекциялап, өзі кетіп қалған. Көршілеріне ескертпеген. Салдарынан жанындағы пәтерде тұратын отбасының 3 баласы уланып отыр. Олардың жанында әкесі болған.
Маңғыстау облыстық полиция департаментінің xабарлауынша, аталған дерек Ақтау қаласы полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК 104-бабының 1-тармағымен тіркелген. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.