Ақтауда 6 жасар қызды зорлағаны туралы іс бойынша алақбилер 18 қаңтарда сайланады

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда бүгін атышулы Виктория Мининаны зорлағаны, оның қаза болғанына қатысты қылмыстық іс бойынша алдын ала тыңдау өтті, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.  

Ақтауда 6 жасар қызды зорлағаны туралы іс бойынша алақбилер 18 қаңтарда сайланады

Алдын ала тыңдау барысында сотталушыға сөз бергенде ол сотты алқабилердің  қатысуымен өткізуді ресми сұрады.  Алқабиді іріктеу күні тағайындалды.

 «18 қаңтарда 12 адам сайланатын алқабилерді іріктеу өтеді. Олар күллі елді дүрліктірген оқиғаны қарайтын болады», - деді Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметінің өкілі Гаухар Нұрханова.

Алдын ала тыңдау Ақтауда Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында өтті.