Ақтауда 65 млн теңгеге жөнделген ескерткіштің тұғырын қайта жөндеуге тура келді

ескерткіш
Фото: әлеуметтік желіден

АҚТАУ. KAZINFORM — Ақтауда Тобанияз Әлниязұлына орнатылған ескерткіштің тұғырын тыстаған қаптамалар құлай бастады. Қазіргі уақытта алып мүсіннің қаптама тақтайшалары сынып, тағы жөндеуді қажет ететіні белгілі болды.

Қаланың 12-шағынауданында орнатылған ескерткішті жаңартуға бұрын 65 313 ​​642 теңге жұмсалған болатын.

ескерткіш
Фото: әлеуметтік желіден

Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі қазір абаттандыру бойынша мердігер анықталған соң ескерткіш тұғыры қайта қалпына келетінін мәлімдеді. 

— Бүгінгі таңда қаланы абаттандыру нысандарын күтіп ұстаумен айналысатын мердігер мекемені анықтау үшін конкурс рәсімі жүріп жатыр. Оны анықтағаннан кейін 12 шағынаудандағы ескерткіштің сынған плиткаларын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі, - деді Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің мамандары. 

Соңғы жаңалықтар
telegram