Ақтауда 8 шағын ауданның тұрғындары ауыз сусыз қалды

АҚТАУ. KAZINFORM — Қалада ауыз су мәселесі кеше басталған. ЦУВС-3 магистральдық құбырының бойында 110 метр аумақта апат болған. Салдарынан 8 шағын ауданда су жоқ. Апат болған жерде жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Вода
Фото: unsplash

«Каспий жылу су арнасы» мекемесінің басшысы Танаш Ускеновтің айтуынша, кеше судан ажырап қалған шағын аудандарға ЦУВС-4 сумен жабдықтау торабынан су берілген. Алайда бүгін таңертең 24-шағын ауданда тағы екі жерде апат болды.

— Жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. ЦУВС-4 орталығынан су беріліп жатыр. Тұтыну көлемі артты. Көп ұзамай жағдай тұрақталуы тиіс, — дейді Танаш Ускенов. 

Алайда, тұрғындар пәтерлерінде ауызсудың жоқтығын айтып, Маңғыстау облысы әкімдігінің телеграм чатында шағымданып жатыр.

Бұған дейін, Маңғыстаудың Қарақия ауданында дронға ұқсас зат табылғаны туралы жазған едік.

Соңғы жаңалықтар
Референдум