Ақтауда 85 жастағы әжей университетте оқып жүр

универ
Фото: Yessenov University

АҚТАУ. KAZINFORM — Ақтауда Yessenov University-де ақпан айынан бастап «Күміс университеті» жобасы аясында егде жастағы адамдарды оқыту басталды. Аталған туристік курс гид-экскурсоводтарды дайындауға басталған.

Үш айлық курстың соңында Күміс университетінің түлектері сертификаттар алып, Маңғыстау облысының туризм басқармасымен меморандум аясында өңірге демалысқа келетін туристер үшін экскурсовод ретінде жұмысқа орналасады.

Қазіргі уақытта мұнда егде жастағы 70-ден астам тыңдаушы білім алып жүр.

Солардың қатарында ақтаулық 85 жастағы Людмила Кулешова да бар.

«Күміс университетте» оқу арқылы гид-экскурсовод болу үшін партаға қайта отырдым. Маңғыстауда туып-өстім. Сондықтан өңір бойынша өмірлік тәжірибем мол. «Күміс университет» — зейнеткерлер үшін өз көкжиегін кеңейтуге, білімін көрсетуге, экскурсияға баруға және өлкеміздің шексіз сұлулығын көруге тамаша мүмкіндік болып отыр», — дейді Ақтау қаласының тұрғыны Людмила Кулешова.

Маңғыстау облысында жыл сайын туристер саны артып отырғаны байқалады. Былтыр қазан айына дейін өңірге 325 мыңнан астам турист келген.

білім
Фото: Yessenov University

Осы орайда гидтерге деген сұраныс артып отыр.

«Елімізде 2021 жылдан бастап „Күміс университеті“ жобасы қолға алынып, жоғары буын өкілдеріне түрлі бағыттар бойынша білім мен дағдыларды алуға мүмкіндік беріліп отыр. Бұл ретте арнаулы курс гид-экскурсовод мамандарды даярлауға үлес қосады», — дейді Yessenov University өкілдері.

Соңғы жаңалықтар