Ақтауда 9-қабаттан құламақ болған ер адам құтқарылды
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда ер адам 11-шағынауданда орналасқан 9-қабатты үйдің шатырынан секірмек болды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
МО Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, тәртіп сақшыларын көмекке қыз шақырған.
Оқиға орнына келген полицейлер жоғарғы қабаттың шатырынан секіргелі тұрған жігітті көреді.
«Біздің қызметкерлер мен жігіттің достарымен бірлесіп қайғылы жағдайды алдын алды. Жігіт масаң күйде болды»,-дейді полицейлер.
Оқиғаның мән-жайы анықталуда.