Ақтауда Әкелер кеңесі құрылады

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Ақтауда 18 маусым – әкелер күніне орай «Әке – асқар тау» атты дөңгелек үстел өтті. Онда Ақтауда Әкелер кеңесін құру жөнінде шешім қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтауда Әкелер кеңесі құрылады

«Биыл елімізде алғаш рет Әкелер мерекесі тойланып жатыр. Бұл өте жақсы бастама деп ойлаймын. Қоғамда әкенің де, ананың да рөлі бірдей маңызды. Балаларымыз әкеге қарай бой түзеп, оның тәрбиесімен елге-жерге деген махабатты, ержүректілікті, жігіттік қасиеттерді бойына сіңіреді. Барлық асқар тау әкелерді мерекемен құттықтаймын» - деді Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Нұртас Сали.

Жиында Ислам дініндегі әкенің парызы мен міндеттері, әкелердің қоғамдағы рөлі, бала тәрбиесі, тектілік, әкенің жауапкершілігі жайлы ойлар ортаға салынды.


Фото: mangystaumedia.kz