Ақтауда амал мейрамы тойланатын Отпантауға тегін автобус қатынайды

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстауда Амал мерекесіне арналған іс-шаралар өтетін Отпан тауына тегін автобус қатынайды. Бұл туралы өңірлік коммуникация орталығынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтауда амал мейрамы тойланатын Отпантауға тегін автобус қатынайды

«2023 жылғы Амал мейрамын мерекелеу шараларының аясында 13-14 наурыз күндері «Отпан» тарихи-мәдени кешеніне тегін автобус жүреді» делінген мәліметте.

Автобустар 13 наурыз сағат 13.00-де, 14 наурыз сағат 08.00-де «Нұрплаза» қонақ үйінің алдынан жүреді.

Сол көліктермен Отпаннан Ақтауға кері қайту мүмкіндігі қарастырылған.

Айта кетейік, осыған дейін Маңғыстауда Амал мерекесіне орай қандай шаралар жоспарланғанын жазған едік.