11:29, 10 Қаңтар 2025 | GMT +5
Ақтауда әскери-тергеу басқармасының басшысы ұсталды – ҰҚК
АСТАНА. KAZINFORM – Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасы басшысының ұсталғанын Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі растады.
ҰҚК-тің мәліметінше, әскери-тергеу басқармасы басшысы пара алу күдігіне іліккен.
- Қылмыстық кодекстің 366 бабына сәйкес «пара алу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр, - делінген хабарламада.
Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.
Айта кетейік, жыл басында ҰҚК полициямен бірлесіп, аса қауіпті 19 ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетін тоқтатты.
Сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитеті қару жасайтын төрт жасырын цехты жойды.
Кеше белгілі болғандай ҰҚК заңсыз айналымнан 3 тоннадан астам есірткі тәркіленді.