Ақтауда аулада тұрған көлік өртеніп кетті

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Ақтауда тұрғын үйлердің бірінің ауласында тұрған автокөлік жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақтауда аулада тұрған көлік өртеніп кетті

Облыстық ТЖД мәліметінше, «Hyundai» маркалы автокөлік 14 тамыз күні сағат 7:39-да 32 «а» шағын ауданындағы №8 үйдің алдында жанып кеткен. Куәгерлердің айтуынша, өрт сөндірушілер жедел жетіп, өртті сөндірген. Адамдар аман.

«Сол күні сағат 9:00-де Қарақия ауданында Жетібай ауылынан 25 шақырым жерде, Ақтау-Жаңаөзен тас жолында тағы бір көлік өртенген. «SsangYong» маркалы автокөлік толығымен жанып кетті», - деп хабарлады Маңғыстау облысы ТЖД баспасөз қызметінен.

Бұған дейін Ақтау қаласы маңындағы тас жолда автокөліктің жарылғаны хабарланған болатын.


Фото: lada.kz