Ақтауда автокөлік аударылып, бір адам жан сақтау бөліміне түсті
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Жол-көлік оқиғасы шілденің 7-нен 8-не қараған түні тіркелген. Жол апатынан зардап шеккен ер адамның омыртқасына зақым келген. Бұл туралы Маңғыстау облыстық ауруханасының ауруларды қабылдау бөлімінен мәлімет таратылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Жол-көлік оқиғасы Шығыс-2, Шығыс-3, 31А және 31Б шағын аудандарының қиылысында түнгі сағат екі шамасында тіркелген. Екі автокөлік соқтығысып қалған.
«Ауруларды қабылдау бөліміне жеткізілген кезде анықталғанындай, ер адамның омыртқасы жабық түрде екі жерден сынған. Пациентке бірден ота жасалды. Қазіргі уақытта ол жалпыға ортақ жан сақтау бөлімінде ес-түссіз жатыр», - деп хабарлады облыстық аурухананың ауруларды қабылдау бөлімінен.