Ақтауда аяқ-қолында ақауы бар 19 балаға ресейлік дәрігерлер ота жасады

Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасында ресейлік дәрігерлер аяқ-қолдарының әртүрлі ақауы бар 19 балаға ота жасады, деп хабарлайды Kazinform.

операция
Фото: Өңірлік коммуникация орталығынан

Альбрехт атындағы мүгедек балаларға арналған хирургия және протездеу ғылыми орталығының (Санкт-Петербург) балалар хирургі, ортопед-травматолог Андрей Кольцов өзінің ұстазы –профессор Игорь Шведовченконың қатысуымен шеберлік сабақ өткізді.

ота
Фото: Өңірлік коммуникациялар орталығы

Аяқ-қолдарының дамуында түрлі ақауы бар, оның ішінде артрогрипоз, саусақтардың туабітті кемістігі: бір-біріне жабысып қалған немесе алшақ орналасқан, қолдардың қисық бітуі, тізе буыны, аяқ басының қисаюы сынды сырқатыр бар 1-16 жас аралығындағы балаларға ортопед-хирургтар операция жасады.

«Қол мен аяқ басының ортопедиялық ауруларын хирургиялық жолмен емдеу тәсілдері» деп аталатын шеберлік сабақ 22-26 қазан аралығында өтті. Соның төрт күнінде 19 балаға ота жасалды.

ота
Фото: Өңірлік коммуникациялар орталығы

«Осындай шеберлік сабақтың әрқайсысы кәсіби деңгейді көтереді. Ғалымдардың тәжірибесі, олардың ашқан жаңалығы, операцияның жаңа әдістері – үнемі қажет», – деді хирург-травматолог Құрман Қайранов.

Операцияға Маңғыстау облысынан бөлек Орал, Алматы, Шымкент және тағы басқа қалалардан балалар келді.

Айта кетейік, игі іс «Жұлдызай» қайырымдылық қорының «Мүмкіндік» жобасы аясында ұйымдастырылды.

ота
Фото: Өңірлік коммуникациялар орталығы