Ақтауда ажал құшқан 2 жауынгер теңіз жаяу әскерінде қызмет еткен

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда жалдамалы пәтерде табылған 2 жауынгердің мүрдесі табылды. Олар Қазақстандағы жалғыз теңіз жаяу әскері бригадасының №25744 әскери бөлімінде келісімшарт бойынша қызмет еткен.

Ақтауда ажал құшқан 2 жауынгер теңіз жаяу әскерінде қызмет еткен

Өртенген әскерилердің мәйітінен зорлық-зомбылықтың белгілері анықталды. Қазіргі уақытта бұл іспен Маңғыстау облысы ІІД қызметкерлері айналысуда. Барлық материалдар солардың қолында, деді ҚазАқпарат тілшісіне Ақтау гарнизоны әскери прокурорының орынбасары Қасен Рахматулин.