Ақтауда балабақша бухгалтері 9 млн теңге жымқырған

АСТАНА. KAZINFORM – Ақтауда бюджет қаражатынан 9 миллион теңгені жымқырған бухгалтерге қатысты сот үкімі шықты. Әйел басшысының атынан банк құжаттарына қол қойып отырған. 

 Астанада балабақша меңгерушілері балаларды тамақтандыруға бөлінген 35 млн теңгеден астам қаражатты жымқырған
Фото: Kazinform

Ақтау қаласының прокуратурасы балабақшада бюджет қаражатын заңсыз иемденiп алу деректерін анықтады.

- Талдау барысында №39 «Хиуаз бөбекжай» балабақшасының бухгалтері директорының атынан банк құжаттарына қол қойып, өзінің есеп-шоттарына мемлекет бюджетінен 9 млн теңгеден астам қаражатты заңсыз аударғаны анықталды, - делінген Маңғыстау облысының прокуратурасы хабарламасында.

Көрсетілген дерек бойынша сот есепшіге қатысты ҚК-тің 189-бабының 3-б. 1) т. үкім шығарып, 3 жыл 6 айға мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындады.

Ақтауда жекеменшік мектепке қатысты шу шыққанын жазған болатынбыз