11:07, 15 Қараша 2022 | GMT +5
Ақтауда балабақша өртенді
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Бүгін таңертең Ақтаудағы балабақшалардың бірінің жертөлесіндегі қысқатолқынды пеш өртенген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға Ақтау қаласының 22 шағын ауданындағы жеке балабақшада болған.
«Өрт бүгін таңертең сағат 8-дер шамасында болған. Балабақшадағы өрттің шығу себебі анықталды. Ғимарттың жертөлесіндегі микротолқынды пеш жанған. Жалып толық сөндірілді», -делінген Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінде.
Зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге 4 бірлік техника мен 20 адам жұмылдырылған.