Ақтауда Балет және спорттық гимнастика академиясы ашылды

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда Балет және спорттық гимнастика академиясы ашылды. Жаңа спорт кешенінде 1 күнде 150 бала жаттыға алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Жоба мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жүзеге асырылып отыр. Оған 120 миллион теңге қаражат жұмсаған.

Ақтауда Балет және спорттық гимнастика академиясы ашылды

Залда спорттық және көркем гимнастика, балет, лезгинка, танго, хип-хоп сынды бимен айналысуға мүмкіндік бар. Кешеннің аумағы 736 шаршы метр. 1 аптада 300 бала жаттыға алады. Ашылу салтанатына келген облыс әкімінің орынбасары Руслан Сакеев жастарға сәттілік тіледі.
nullnullnull

«Осы жерде талай жұлдыздар, чемпиондар, атақты, тәуелсіз Қазақстанның тірегін ұстайтын жастар шығатынына сенімдімін»,-деді  Руслан Сакеев.

Ақтау қаласында спорттық гимнастика соңғы рет осыдан 25 жыл бұрын болған. Енді академияның ашылуымен бұл мәселе шешілмек. Себебі, жастар арасында қызығушылық жоғары. 

«Осы спорт түрінен жастарды дайындауға бұл үлкен мүмкіндік. Гимнастика дамуда. Бірақ спортық гимнастика жоқ. Маңғыстаулық спортшылар Қазақстанда, халықаралық деңгейде өнер көрсетіп жатыр. Спорттық гимнастика бүкіл спорт түрлеріне резерв. Осымен айналысқандар аралас жекпе-жек болсын, жеңіл атлетика болсын, барлығына бара алады»,-дейді  Маңғыстау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Нұрбек Қарабалаев.

Жоба «Бизнестің жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының қолдауымен мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жүзеге асырылып отыр. 
null