Ақтауда басына футбол қақпасы құлаған жасөспірім ауруханада ауыр халде жатыр

АҚТАУ.ҚазАқпарат – Ақтауда басына футбол қақпасы құлаған 16 жастағы жасөспірім ауыр халде жатыр. Ол Маңғыстау облыстық балалар ауруханасына жеткізілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтауда басына футбол қақпасы құлаған жасөспірім ауруханада ауыр халде жатыр

Жасөспірім 20 мамыр күні кешке қарай 7 шағынаудандағы №9 мектеп жанындағы футбол алаңында достарымен ойнаған.

Ауыр металл қақпа құлағаннан кейін жігіт есін жоғалтқан. Ол облыстық балалар ауруханасына жеткізілген.

«Баланың жағдайы өте ауыр. Ол жансақтау бөлімінде жатыр. Оған тұрақты түрде желдеткіш қосылған», - деп хабарлады медицина мекемесінің мамандары.