Ақтауда базар маңындағы сауда павильонынан өрт шықты

АҚТАУ. KAZINFORM - Ақтау қаласында «Көк базар» сауда базары аумағында жеке тұрған жеміс павильонынан өрт шықты, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

өрт
Фото: ТЖМ

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, өрт сағат 21.47-де оқшауланып, сағат 21.52-де сөндірілді. Жалын шарпыған аумақ 50 шапһршы метрді құрады. Зардап шеккендер жоқ.

Өрттің шығу себебі анықталуда.

Google нейрожелі  арқылы тікелей құжат генерациялау функциясын іске қосты
Ұқсас жаңалықтар

Google нейрожелі арқылы тікелей құжат генерациялау функциясын іске қосты