20:22, 14 Қазан 2015 | GMT +5
Ақтауда белгісіз біреулер сейфті бұзып, 11 млн. 300 мың теңгені үптеп кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұрлық оқиғасы «Наси» ЖШС-де орын алған. Компанияның кеңсесіне кірген белгісіз біреулер одан 11 миллион 300 мың теңгені ұрлап кетті.

Бұл туралы құқық қорғау органдарындағы дереккөз хабарлады, деп жазды lada.kz.
Оқиға бірнеше күн бұрын 29А шағынауданындағы шіркеудің қасында орналасқан серіктестік кеңсесінде орын алған. Қаскүнемдер анықталмаған заттардың көмегімен салқындатқышты алып тастап, ғимаратқа кірген. Олар осындағы сейфті тапқан да оны бұзып, ішіндегі ақшаны сыпырып алып кеткен. Қылмыс фактісімен тергеу амалдары жүргізілуде.