Ақтауда бір күнде ереже бұзған 40-қа жуық автобус жүргізушісі анықталды

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда "Автобус" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында қоғамдық көлік жүргізушілері тексерілді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтауда бір күнде ереже бұзған 40-қа жуық автобус жүргізушісі анықталды

Жүргізушілердің басым бөлігі жылдамдық асырғаны үшін, қарама-қарсы бағытқа шығу, тасымалдауға рұқсат қағазының болмауы, лицензия ережесінің бұзылуы, еңбек режимінің бұзылуы сияқты қателіктер жіберген.

Атап айтсақ, 38 жүргізушіге айыппұл салынған. Оларға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңның 463-бабы бойынша xаттама толтырылды.

Шара Маңғыстау облысы Көлікті бақылау инспекциясымен, қоғамдық өкілдерімен бірлесіп өткізілді.

Негізгі мақсат: жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарында жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер арасында көліктік тәртіпті арттыру, жол қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол апаттарының алдын алу, сондай-ақ желіде қызметін тіркеусіз жүзеге асыратын азаматтарға қатысты бақылауды жетілдіру.