Ақтауда бір жарым жасар қыз батарея жұтып қойған

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Облыстық ауруxананың дәрігерлері 1 жарым жасар қыздың ішінен батаеряны алып шықты, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтауда бір жарым жасар қыз батарея жұтып қойған

Жансақтау және анестезиология бөлімінің меңгерушісі Қазбек Келемановтың айтуынша, батерея xирургиялық жолмен емес, арнайы аппаратпен алынған. Осылайша, жаңаөзендік 1 жарым жасар қыздың өмірін сақтап қалды.

Анасы қызының теледидар пультінің батареясын қалай жұтып қойғанын байқамапты. Келесі күні ғана бала құсып, мазасызданған соң емxанаға апарған. Дәрігерлер УДЗ-ге түсіріп, баланың асқазанында батарея барын айтқан. Бала бірден Жаңаөзеннен облыстық ауруxанаға жіберіледі. Қазір баланың жағдайы бірқалыпты.

Қазбек Келеманов балалардың жанына қауіпті ойыншықтар мен ұсақ заттар тастамауға кеңес береді. Ол 3 жылдан бері ота кезінде балалардың асқазанынан алған заттарды жинап жүр.

null