Ақтауда бір мезетте 120 оқушы күй тартты

Ақтау
Фото: Өңірлік коммуникация орталығы

Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Қабиболла Сыдиықов атындағы облыстық кітапханада «Ұлы дала мұрагерлері» домбырашылар шеруін өткізді, деп хабарлайды Kazinform. 

«Ұлы дала мұрагерлері» домбырашылар шеруі мектепте жыл сайын өткізіліп келеді. Іс-шараның басты мақсаты – Тәуелсіздік мерекесін ұлықтаумен қатар, мектеп оқушыларына ұлттық дәстүрді насихаттау.

Мерекелік іс-шараға «Қос перне» домбырашылар ансамблінен құралған 120 күйші қатысқан. Олар халық күйлерінен поппури, «Торжорға», «Ерке сылқым» секілді күйлерді бір уақытта орындаған. 

Ақтау
Фото: Өңірлік коммуникация орталығы

«Халқымыздың мәдениеті мен музыкасын дәріптеу, өскелең ұрпақты ұлттық құндылықты ұлықтауға тәрбиелеуде бұл іс-шараның маңызы зор екенін айтқым келеді. Назарбаев Зияткерлік мектептерінің қосымша білім беруді дамытудың 2030 жылға дейінгі концепциясы негізінде 7-сыныптар үшін домбыра сабағы міндетті түрде өткізіледі», - деді мектеп директоры Ринат Нұрланұлы.

Соңғы жаңалықтар