Ақтауда бір топ үлескер аймақ басшысынан көмек сұрап, әкімдікке барды

АҚТАУ. KAZINFORM — 70ке жуық тұрғын «Grand Avenue — 2» тұрғын үй кешенінен баспана алу үшін әр қайсысы 20 миллионнан 45 миллион теңгеге дейін қаражат төлеген. Құрылыс жұмыстары 2021-жылы басталған.

Ақтауда бір топ үлескер аймақ басшысынан көмек сұрап, әкімдікке барды
Фото: Аягөз Ізбасарова\Kazinform

Айтуларынша, пәтер кілттері былтыр берілуі тиіс екен, алайда құрылыс тоқтап қалған.

Баспанаға қол жеткізе алмай, болмаса қаражатын қайтара алмай жүрген тұрғындар Маңғыстау облыстық әкімдігіне жиналды. 

Ақтауда бір топ үлескер аймақ басшысынан көмек сұрап, әкімдікке барды
Фото: Аягөз Ізбасарова\Kazinform

— Қанша жыл өтті. Құрылыс деп 3 жыл күттік. Енді міне, 1 жылдан бері қозғалыс жоқ. Сотқа беріп, жеңдік. Бірақ одан нәтиже болмай тұр. Ақшамызды өндіре алмай отырмыз, — дейді Жаңаөзен қаласының тұрғыны Ринат Қайыржан. 

Ақтауда бір топ үлескер аймақ басшысынан көмек сұрап, әкімдікке барды
Фото: Аягөз Ізбасарова\Kazinform

Әкімдіктегілер құрылыстың әуел баста-ақ, заңсыз басталғанын айтады. Сондықтан сотқа шағым түсірілген. 

— Құрылыс компаниясы тұрғын үй құрылысын рұқсатсыз бастап кеткен. Ешқандай құжатсыз, сараптамасыз, жұмыс жобасы да жоқ. Сондықтан әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот құрылысты бұзуға шешім шығарды, — дейді облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы басшысының орынбасары Алғадай Қоштаев. 

Ақтауда бір топ үлескер аймақ басшысынан көмек сұрап, әкімдікке барды
Фото: Аягөз Ізбасарова\Kazinform

Ал құрылыс компаниясының өкілі Олжас Мұратовтың айтуынша, құзырлы мемлекеттік органмен медиативтік келісім жасалып, тұрғын үй құрылысын жалғастыруға рұқсат берілген.

— Құрылысты жалғастыру үшін КазНИИСА-дан рұқсат алуымыз керек болды. Оған 6 айдай уақыт кетті. Соның салдарынан құрылыс жұмыстары тұрып қалды. Тұрғындардың қаражатын құрылысқа жұмсадық. Біз қашпаймыз, ашық жиналыстар өткізіп жүрміз. Тағы да диалог жасауға дайынбыз. Кілттерін береміз. — дейді «Garden group building» ЖШС-нің өкілі Олжас Мұратов. 

Ақтауда бір топ үлескер аймақ басшысынан көмек сұрап, әкімдікке барды
Фото: Аягөз Ізбасарова\Kazinform

Құрылыс компаниясының өкілі қаржылық қиындықтар барын жасырмады. Десе де, келесі жылдың бірінші тоқсанында аталған тұрғын үйдің құрылысын аяқтауға уәде берді. 

Бұған дейін, Маңғыстауда білім саласында 800-ден астам адамның жауапкершілікке тартылғаны туралы жазған болатынбыз

Соңғы жаңалықтар