Ақтауда букмерлік кеңседе төбелес шығарған бұзақылар ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтаудағы букмекерлік кеңсенің бірінде төбелес шығарған бұзақылар ұсталып, олардың кім екені анықталды, - деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтауда букмерлік кеңседе төбелес шығарған бұзақылар ұсталды

МО ІІБ баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы (бұзақылық)  бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілген.

«Қазіргі кезде күдіктілер ІІБ-де қамауда. Қажетті экспертиза тағайындалған. Оқыс оқиғаның болу себебі анықталуда», - дейді МО ІІБ баспасөз қызметі.

Еске салайық, 30 мамыр күні 5 шағынаудандағы букмекерлік кеңсенің бірінде төбелес болып, бұзақылар бейнебақылауға түсіп қалған еді. Онда екі ер адам бір адамды ұрып, тепкінің астына алған. Букмекерлік кеңсе басшылығы ер адамды ұрған күзетші емес екенін, оқиғаның мән-жайын анықтайтынын айтқан еді.