Ақтауда бюджеттік мекеме қызметкерлеріне, зейнеткерлер мен жетім балаларға жаңа 50 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға берілді
АҚТАУ. Қазанның 19-ы. Қазақпарат /Анаргүл Төлегенова/ - Ақтауда бюджеттік мекеме қызметкерлеріне, зейнеткерлер мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңадан салынған 50 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға берілді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақтау қаласының 30-шы шағын ауданында орналасқан нысан инвесторлардың көмегімен қаржыландырылған.
Жалпы құны 160 млн. теңгені құрайтын тұрғын үй инвестор компаниялардың қаржысына салынған.
Жаңа шағын ауданда орналасқан нысанды салу өнімді бөлу жөніндегі келісімде қарастырылған әлеуметтік міндеттер бойынша жүзеге асты.
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Амангелді Айтқұловтың айтуынша, жалпы 120 пәтерлік үйдің 50-і әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларға тиесілі. Өзгесі инвестиция бөлген мекемелер құзырында. Болашақта тұрғындардың 10 пайызға жуығын мұнайшылар құрайтын болады.
Облыс әкімінің орынбасары жуық арада тағы да бірқатар осындай нысандардың тұсауы кесілетінін тілге тиек етті.