Ақтауда дзюдодан жасөспірімдер арасында халықаралық турнир өтеді
АСТАНА. ҚАзАқпарат - 1-2 мамыр күндері Ақтау қаласындағы теннис орталығында дзюдодан жасөспірімдер арасында Ер Қосай Құдайкеұлының жүлдесіне арналған халықаралық турнир өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР Дзюдо федерациясы таратқан мәліметтерге сүйенсек, биыл осымен 10-шы рет жалауы желбіретіп отырған халықаралық додаға Қазақстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Грузия, Түрікменстан, Қырғызстан, Тәжікстан елдерінен 2001-2003 және 2004-2006 жылы туыған 800-ге жуық жас татами шеберлері қатысады.
Халықаралық жарыс жеңімпаздары «Спорт шеберіне үміткер» атағына ие болады. Екі күнге жалғасатын доданың алғашқы күні 2001-2003 жылы туған жасөспірімдер арасында мықтылар анықталса, екінші жарыс күні 2004-2006 жылы туған жасөспірімдер арасында үздіктер белгілі болады.
Фото: fdk.kz